Жақсартылған файл жіберу мүмкіндігі және т.б.

Read the original announcement in English

Көпшілігіңіз Telegram-ды 1.5 ГБ-қа дейінгі үлкен файлдарды жіберу мүмкіндігі үшін жақсы көресіз.

Бүгінгі iOS жаңартуы сізге түбегейлі жақсартылған файл жіберу мәзірін алып келеді. Біз iCloud, DropBox, Google Drive және басқа да бұлттық қызметтерді біріктірдік, сондықтан енді өз құжаттарыңызды тікелей файл жіберу мәзірінен оңай бөлісе аласыз.

Бірнеше файлды бөлісу және бейнені қиып жіберу

Бүгіннен бастап сіз бірнеше медиа файлды бірден бөлісе аласыз және оларды жібермес бұрын олардың өлшемі мен ажыратымдылығын көре аласыз. Ал бейнелерді бөлісу үшін біз iOS қосымшасына көптен күткен алдын ала қарау және қиып жіберу функциясын қостық.

iOS-қа тән тағы бір жақсарту, ол орынды Google Maps және әдепкі емес басқа карта қолданбасында ашу мүмкіндігі, сондай-ақ көлік бағыттарын алу.

Хештегтер және Android мүмкіндіктері

Хештегтер енді екі ұялы платформада да латын емес таңбаларды қолдайды, және жақында қолданылған хештегтерді сіз # таңбасын жазғанда бірден ұсынады. Бұл оларды әлдеқайда ыңғайлы етеді.

Android қолданбасына келетін болсақ, бұл жаңарту веб суреттері, GIF-тер және хештегтер арқылы іздеу тарихын жою мүмкіндігін қамтиды (іздеудегі соңғы элементтерді басып ұстасаңыз жеткілікті), ашық чаттағы кіріс пен шығыс хаттарға арналған дыбыстарды, сондай-ақ көптеген дизайн және бетбейне жақсартуларын қамтиды.

Шын мәнінде, біз Google дизайн командасынан Android қолданбамыздың бейтбейнесін жақсарту бойынша идеялар алдық. Бұл шығарылымда сол идеялардың кейбірі жүзеге асырылды, мысалы: Telegram чаттарыңызға арнайы тұзқағаз орнатсаңыз, ол мәзір тақырыпшасында да қолданылады.

Келесі аптада тағы бір керемет жаңартуды жеткіземіз, күте тұрыңыз.


2015 жылы 25 наурыз
Telegram командасы

Інші новини

Жаңа дизайн, сыйлық жасау және т.б.

Бұл жаңарту айрықша жаңа сыйлықтар жасауға арналған крафтиң жүйесін, Android-қа арналған Telegram тарихындағы ең үлкен бетбейне жаңартуын және т.б. мүмкіндіктерді қосады.
9 лютого 2026

ЖИ түйіндемесі, жаңа дизайн және т.б.

Telegram-ның 2026 жылғы бірінші жаңартуы арна жазбалары мен көз жүгірту парақшасына арналған iOS пен ЖИ түйіндемесі үшін одан да көп Liquid Glass бетбейнесін әкеледі, олар құпиялықты…
3 січня 2026

Кіру кілті, сыйлық сатып алу ұсынысы және т.б.

Бүгінгі жаңартуда біз қауіпсіз кіру тәсілін, яғни кіру кілттерін енгіздік. Енді SMS кодсыз жедел кіре аласыз, сыйлық сатып алу ұсыныстарын…
12 грудня 2025

Эфир, қайталанатын хат, сыйлық аукционы және т.б.

Бүгінгі жаңартуда хикая ішінде чатпен бірге эфирді бастай аласыз. Бұған қоса, қайталанатын жоспарланған хаттар, жаңа сыйлықтар үшін әділ…
19 листопада 2025